• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Хоккей 13 Қазан, 2021

ҚХЛ: Бүгін «Барыс» «Авангардпен» кездеседі

193 рет
көрсетілді

«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Авангард» (Омбы) командасымен өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу елорда уақытымен 22:30-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 60 мәрте шеберлік байқасты. Оның 22-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

«Барыс» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің екеуінде жеңіске жетіп, қалғанында қарсыластарына есе жіберді.

Ал «Авангард» төрт ойынның үшеуінде жеңіске жетті.

Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасынан 3:6 есебімен жеңіліп қалды.