• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 14 Қазан, 2021

9 айда өнеркәсіптік өндіріс индексі 102 пайызды құрады

287 рет
көрсетілді

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіптік өндіріс индексі 102,7 пайызды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2020 жылғы кезеңмен салыстырғанда тамақ өнімдерінің, сусын, резеңке және пластмасса бұйымдарының, өзге де бейметалл минералдық өнімдерінің, химия және фармацевтика өнімдерінің, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау өндірісінің өсуі байқалды. Көмір, шикі мұнай және табиғи газ кендерінің өндірісі төмендеді», делінген ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, өнеркәсіптік өнімдер өндірісі көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалады.

Сонымен қатар таратылған ақпаратқа сәйкес, осы жылдың 9 айында елімізде газ конденсатын қоса алғанда 62,4 млн тонна мұнай, 91,4 млн тонна мыс кендері, 2,3 млн тонна ұн, 3,5 млн тонна тензин, 3,8 млн тонна дизель отыны, 10 млн тонна портландцемент, 2,2 млн тонна жазық илек, 93,9 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілген.