Шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Отандастар қоры» мен «Жас қазақ» жастар ұйымы бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Іс-шараға шетелден келген қазақ қоғамдық ұйымдарының жас басшылары, Түркия, Иран, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қытай және Жапонияда тұратын, спорт және өнер саласында жетістікке жеткен журналистер, блогерлер мен отандастар қатысты.
Экскурсия барысында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда қатысушылар «Қазақстанның киелі географиясы» көпфункционалды картасымен, Қазақстан тарихымен, сондай-ақ қазақ тілін оқыту әдістемелерімен, Қазақстандағы білім беру гранттарымен және шетелден келген жастарға арналған басқа да мүмкіндіктермен танысты.
Бірінші күні қатысушылар Райымбек батырдың кесенесі мен Алматы қаласының Республика алаңына барды. Екінші және үшінші күндері қатысушылар Есік қаласындағы «Алтын Адам» мұражайына, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне, Алматы облысындағы Қайыңды және Көлсай көлдеріне барды.
Айта кетейік, мұндай экскурсиялар шетелдегі қазақ жастары үшін жыл сайын өткізіледі.