• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 15 Қазан, 2021

Әлемде туберкулезден көз жұмғандар саны артып отыр

293 рет
көрсетілді

COVID-19 пандемиясы туберкулезге қарсы күресте жеткен жетістіктерге теріс әсер етті: соңғы он жылда әлемде алғаш рет осы аурудан көз жұмғандар саны өсті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

2020 жылы ауруға шалдыққандар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда аз, ем қабылдайтындар саны да қысқарған, бірақ қайтыс болғандар көп. Бұл жағдай пандемияға және онымен байланысты шектеулерге байланысты түсіндіріледі – адамдарда тексерілетін және медициналық көмек алатын мүмкіндік болмады.

«Баяндама біздің күдігімізді растап отыр: денсаулық сақтау саласында қызметтер көрсетудегі бөгеліс туберкулезге қарсы күрескен жылдарда жеткен жетістігімізге нұқсан келтіруде. Бұл бізді шұғыл әрекет етуге, инвестициялауға және инновациялық тәсілдерді енгізуге итермелейтін өте алаңдатарлық жаңалық. Адамдарды диагностикалауда, емдеуде және оңалтудағы кемшіліктерді тек осылай жеңуге болады», деді дәрігер Тедрос Гебрейесус.

2020 жылы осы аурудан қайтыс болғандар саны 1,5 млн адамды құрады. ДДСҰ мәліметіне сәйкес, 2021 және 2022 жылдары бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болмақ.