• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экология 16 Қазан, 2021

Қазақстанда қар барыстарын өсіру орталығы құрылады

696 рет
көрсетілді

«Snow leopard foundation» халықаралық қоры Қазақстандағы алғашқы қар барыстарын сақтау, оңалту және өсіру орталығын құруға Ресей, Қытай мен Қырғызстаннан мамандарды тартуға ниетті. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған орталық Алматыдағы Іле-Алатау ұлттық паркінде жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта Қор мен Ұлттық парк арасында ғылыми қызмет туралы шартқа қол қойылған. Орталықты құру жобасы БҰҰДБ, ЮНЕП, сондай-ақ дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қатысуымен жүзеге асырылады.

«Snow leopard foundation» Қазақстан аумағында орталықты құруға қатысуға тарту мақсатында кавказ қабыланы мен амур жолбарысының популяциясын сақтау және ұлғайту ісінде тәжірибесі бар Ресей тарапымен келіссөздер жүргізді.

«Қытай тарапының ықтимал қатысуына келетін болсақ, Қор белгілі меценат және филантроп Джек Ма қорымен ынтымақтастықты талқылауға ниетті. Қытайлық әріптестерге бірлескен жұмыс перспективаларын одан әрі талқылау үшін қар барыстарын сақтау және өсіру орталығы бойынша презентация жолданды», делінген хабарламада.

Орталықтың жұмысы қар барыстарын зерттеу бойынша алғашқы ғылыми зертхана құруды көздейді.Зертханада ғалымдар үшін арнайы әзірленетін қосымшалары бар жеке деректер қоры болады. Бұл Қазақстандағы қар барыстарының экожүйесін есепке алу және зерттеу нәтижелерін жүйелендіруге мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры бұл бағыттағы серіктес болмақ. Бүгінгі күні Талғар шыңының маңайында 3 000 метр биіктікте 90-нан астам фототұзақ орнатылып, «Алтын Емел» саябағында және тағы басқа 23 қар барысына ID төлқұжаттар тағайындалды. Ғалымдардың бағалауынша, қазіргі уақытта Қазақстанды 130-ға жуық қар барысы мекендейді. Қордың мақсаты - алдағы 10 жылда оның санын көбейту.

Бұдан бұрын мәлімделгендей, осыдан 3 апта бұрын Қор және зоология институтының ғалымдары Алматы облысының «Алтын Емел» ұлттық паркінде қар барыстары бар жаңа ортасын тіркеді. Бұған дейін осы ұлттық паркте қар барысы болмады. Олар 20 ғасырдың 50-ші жылдарында КСРО кезінде-ақ жойылған болатын.