• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қазан, 2021

Маңғыстау облысында түйе қаққан көлік жолаушысы көз жұмды

631 рет
көрсетілді

17 қазан күні сағат 00:30 шамасында Бейнеу полиция бөлімінің кезекші бөліміне Бейнеу-Боранқұл тас жолында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады Egemen.kz.

«Мәліметке сәйкес, «ГАЗ-3110» автокөлігін басқарған 1949 жылы туған жүргізуші жолға шығып кеткен түйемен соқтығысқан. Нәтижесінде бір жолаушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды. Полицейлер әзірге қараусыз жайылып жүрген түйенің иесін тапқан жоқ. Сотқа дейінгі тергеу барысында жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталуда. Қажетті сараптамалар тағайындалды»,  деп хабарлады полициядан.