Ресейлік «Спутник V» препаратымен вакцинацияланған азаматтар Украинаға кірген кезде 10 күндік оқшауланудан өтуге немесе COVID-19 сынамасын тапсыруға міндетті екенін мәлімдеді Мемлекеттік шекара қызметінің бастығы Андрей Демченко, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бұрын белгіленген ережелер қолданыла береді. Украина Ресейдің «Спутник V» вакцинасын мойындамайды, олар уақытша басып алынған аумақтардағы азаматтарды вакциналауға тырысады. Вакцина тек ДДҰ бекіткен болуы керек», деді Демченко «Дом» телеарнасында.
23 қыркүйектен бастап Украина эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты «жасылдан» «сары» карантиндік аймаққа көшті. 15 қазаннан бастап Херсон облысы COVID-19 бойынша «қызыл» аймаққа кірді. Сондай-ақ, 18 қазаннан бастап COVID-19 таралуының эпидемиялық қаупінің «қызыл» деңгейі Запорожье, Одесса, Донецк және Днепропетровск облыстарында көріне бастады. «Қызыл» аймақта кинотеатрлар, кафелер, мейрамханалар, спортзалдар, театрлар мекеме қызметкерлері мен келушілер 100 пайыз вакцинациялаған жағдайда жұмыс істейді. Білім беру мекемелері оқытушылар мен оқушылар толық вакцинацияланған жағдайда ғана жұмыс істейтін болады, басқа жағдайда оқытуды онлайн-режимге ауыстырады.
Бұған дейін Украинаның Министрлер кабинеті коронавирусқа байланысты карантинді 31 желтоқсанға дейін ұзартты. Эпидемиологиялық қауіптіліктің төрт аймағы енгізілді: «жасыл»,«сары»,«қызғылт сары» және «қызыл».