• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қазан, 2021

Жаңа төраға – жаңа міндеттер жүктеді

322 рет
көрсетілді

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев бастаған сындарлы саясаттың жүйелі жалғасатынын айтқан Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қ.Тоқаев – жаңа міндеттер жүктеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы тікелей эфирде көрсетілді.

Жиында елдің әл-ауқатын жақсарту бағытындағы тың бастамаларды іске асыруда бірліктің маңыздылығы айрықша айтылып, этносаралық татулықтың экономикаға, әлеуметтік ахуалға тигізер ықпалы сөз болды. Елдегі тұрақтылықты сақтау үшін мәдениет пен білімнің, ақпараттық қауіпсіздіктің маңыздылығына мән берілді. Этносаясатқа құзырлы органдардан бөлек, мемлекет пен қоғам бірлесе жұмыс істеу қажеттілігі тиянақты түсіндірілді.  

Президент бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін азаматтық қоғам институттарын барынша қолдау керектігін және қоғамдағы әлеуметтік, тұрмыстық даудың алдын алуды тапсырды. Этномедиацияға басымдық беруді  тапсырды. Өңірлердегі Достық үйлері халықтың игілігі үшін қызмет ету қажеттілігін атап өтті.

Бір сағаттан астам уақыт кеңес мүшелерімен тілдесіп, жұмысты жүйелеу жайында нақты міндетер жүктеген Мемлекет басшысы өз сөзін жалпыұлттық бірлік – қуатты мемлекет болудың басты кепілі, деп түйіндеді.

Мақсат – айқын және баршамызға белгілі. Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері ішкі бірлікті бекемдеп, ел игілігіне бағытталған бастамаларды іске асыруға, мемлекеттік саясаттың үшінші мегаполис аумағында жүйелі орындалуына өз тарапымыздан лайықты үлес қосамыз. Алдағы уақытта қоғамдық келісімді сақтау және дамыту бағытында мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарымен бірлесе жұмыс істейтін боламыз.

 

Латипша АСАНОВ,

Шымкент қаласы «Ахыска»

түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы,

қалалық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім

кеңесінің мүшесі