• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Қазан, 2021

ҚХЛ: Елордалық «Барыс» «Северстальмен» кездеседі

110 рет
көрсетілді

Бүгін «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын өткізеді. Елордалық хоккейшілер Ресейдің «Северсталь» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу елорда уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 25 мәрте шеберлік байқасты. Оның 13-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік алға озды. Десе де, қос команда арасындағы соңғы алты кездесудің бесеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

«Барыс» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің екеуінде мерейі үстем болса, қалғанында қарсыластарына есе жіберді. Ал «Северсталь» соңғы алты кездесудің төртеуінде қарсыластарын тізе бүктірді.

Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейдің «Локомотив» командасынан жеңіліп қалды. Ал «Северсталь» Латвияның «Динамо» командасынан басым түсті.

Қазір «Барыс» 21 ойыннан кейін 18 ұпаймен турнир кестесінде 17-ші орында тұрақтады. Ал «Авангард» 22 ұпаймен 14-ші орында тұр.