• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қазан, 2021

Алматы әуежайында ұшақтарға жанармай құю шектелді

279 рет
көрсетілді

Алматы халықаралық әуежайы да авиациялық отынның тапшылығына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматы халықаралық әуежайында үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жолаушылар рейстерінің жанармай құю көлемін шектеу және бір реттік чартерлік рейстердің жанармай құюын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Бұл шаралар Қазақстанда авиациялық отынның тапшылығына байланысты қабылданды», деп хабарлады Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің басшысы Найля Жабағина.

Бұған дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елордалық әуежай мен «SCAT» авиакомпаниясының авиаотындардың жетіспеуіне қатысты мәлімдемесіне түсініктеме берген болатын.