Елордада екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен «KIA» автокөлігінің жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 31 қазан күні сағат 13:33-те «Kia» маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі Уәлиханов көшесінің бойымен келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен.
Онда жолдан өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қаққан. Кейін инерциямен «Лада» көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 60 жастағы жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті боынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. «Kia» жүргізушісі ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.