Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына өзгерістер енгізілетін бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осылайша, келесідей белгіленді:
2021 жылға арналған 1 146 адамнан тұратын қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы; 2021 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы саны 7 023 адам.Бұрынғы редакциясында 2021 жылға арналған қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 1 246 адамды құрады. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы - 6 940 адам.
Түсіндірілгендей, жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударушылар санының ұлғаюына байланысты, сондай-ақ Павлодар облысында өңірлік квота алуға өтініштер беру үрдісінің төмендеуіне байланысты қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасының көрсеткіштеріне сандық өзгерістер енгізіледі.