• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Қараша, 2021

Ақназар Қажымұраттың қайтыс болғаны белгілі болды

2143 рет
көрсетілді

Алматыда Халықаралық емтихандарда бірегей рекорд орнатқан Ақназар Қажымұрат қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақында полицияға Ақназар Қажымұраттың жоғалып кеткені жайлы хабар түскен. 

- Бүгін Бостандық ауданының аумағында криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жас жігіттің денесін тапты. Зорлық-зомбылықпен белгілері табылған жоқ. Қаза болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі. 

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

2018 жылы Ақназар Қажымұрат НЗМ-нің 12-ші сыныбында оқып жүргенде, ACT және SAT Subject Tests халықаралық емтихандарында 36-дан 36 және 2400-ден 2400 балл жинап, рекорд орнатты. Содан кейін ол оқуын жалғастыру үшін әлемдегі кез келген университетті таңдау құқығын алды.