• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Қараша, 2021

Маңғыстауда төбелестен бір кісі қаза тапты

258 рет
көрсетілді

Мұнайлы ауданында төбелес болып, салдарынан бір ер адам қаза тапты. Полиция департаменті қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кісі өлтіру оқиғасы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылында болған.

«6 қарашада сағат 20:25-те Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің 102 кезекші пультіне Басқұдық ауылында Берекет көшесінде ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, кісі өлтірді деген күдікке ілінген екі азаматты ұстады.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-тармағы (Адам өлтіру) бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.