Еуропалық Кеңес Польша шекарасын қорғау үшін инфрақұрылым құрылысын қаржыландыруды қарастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Еуропалық Кеңестің басшысы Чарльз Мишель Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкиймен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Бұған дейін 10 қараша күні Польша Беларусь елімен шекарада жұмыс істейтін әскери қызметшілердің санын 15 мың адамға дейін көбейтті. Сонымен қатар, онда 4 мың шекарашы және 1,5 мың полиция қызметкері жұмыс істейді.