Гагарин Кубогының иегері канадалық шабуылшы Линден Вей қазақстандық «Барыс» сапында қайта ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спортшымен жасалған келісімшарт маусымның соңына дейін жалғасады.
2017/18 жылғы маусымда Линден Вей бұрынғы басшылықпен қақтығысқа байланысты командадан кетіп, екі маусымда ЦСКА-да өнер көрсетті, онда ол көшбасшылардың бірі болды.
Ал 2020 жылы Линден СКА-ға ауысты.
ҚХЛ-дағы 30 жастағы Линденнің жалпы статистикасы: 258 матчта 196 (57+139) ұпай.