• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Коронавирус 11 Қараша, 2021

Pfizer-мен кімдер ревакцинация жасай алады

263 рет
көрсетілді

Ересектер Pfizer екпесімен ревакцинация жасай ала ма? Бұл сауалға брифинг барысында Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Sputnik векторлық екпе болғандықтан, кез келген инактив вакцинамен ревакцинация жасауға болады. Алматыда азаматтар Sputnik, Pfizer сияқты екпелермен ревакцинация жасай алады, таңдау бар. Егер керісінше бірінші инактив екпе салдырған болса, онда Sputnik векторлық вакцинасымен ревакцинация жасай алады.

Pfizer екпесімен ревакцинация жасағысы келетіндер тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға барып, өтінім қалдыруы тиіс. Қосымша доза болған жағдайда ревакцинация жасалады», деді спикер.

Оның айтуынша, Алматы қаласында Pfizer екпесін сақтауға арналған екі арнайы тоңазытқыш бар. Олар екпе сақтау орталығында орналасқан. Әрқайсысының сыйымдылығы – 35 мың доза. Тағы дәл осындай 4 тоңазытқышқа тапсырыс берілді.