• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Коронавирус 12 Қараша, 2021

Алматыда балаларға вакцина салу басталды

240 рет
көрсетілді

Алматыда жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салу басталды. Бұл туралы брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Медицина мекемелерінде кәмелетке толмағандарға екпе салудың бірінші кезеңі басталды. Келесі аптадан бастап мектептерге шығамыз. Бұған дейін мектептермен бірлесе отырып, біраз жұмыс атқардық. Бүгінде қаламызда 12 мен 18 жас аралығындағы 1619 бала екпе алуға дайын. Рұқсат берген ата-аналардың тізімі де бар. Бұл жағдайда ата-ананың келісімі болмаса, телефон соғып, ата-ананың келісімін сұраймыз», дейді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Лаура Мырзағали.

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ата-аналар қаласа, баласына екпе жасаған кезде қасында бола алатынын айтты.

«Бұл – өте маңызды шара. Егер ата-аналар екпеге қатысуға ниет білдірсе, емханалардағы егу пунктері демалыс күндері жұмыс істейді. Болашақта мектептердің медициналық пунктілерінде іске қосамыз», деді ол.