• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Қараша, 2021

Сауда орталығында жігітті соққыға жыққан адам ұсталды

196 рет
көрсетілді

«Керуен» сауда ойын-сауық орталығында жігітті соққыға жыққан күдіктіні астаналық полицейлер ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Биылғы жылдың 9 қарашасында сағат 21.30 шамасында «102» арнасына Достық көшесі бойындағы «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында белгісіз біреулер төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Полиция 17 жастағы екі қызға жігіттердің келіп, танысқысы келгенін, оған кәмелетке толмағандардың бірі жақын жерде 19 жастағы ағасын шақырғанын анықтады. Келген бойда жастар арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласқан. Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында күдікті ұсталды. Ол 31 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Оқиғаға байланысты «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шараларды атқарады. Сауда орталығының жанынан полицияны жедел шақыру терминалы орнатылып, тәулік бойы патруль жүргізілуде. Сондай-ақ, заңсыз әрекеттер болған жағдайда дереу полицияға немесе 102 нөміріне хабарласу керектігін еске салады.