Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Ыстанбұлда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесіне (Түркі кеңесі) мүше елдердің дипломатия басшыларының кездесуіне қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде ынтымақтастықтың кемел келешегі үшін бар мүмкіндік қолданылатынын мәлімдеді.
Morning Express Үндістан агенттігінің жазуынша, саммитке қатысқан Сыртқы істер министрлері бұл ұсынысты бір ауыздан қолдады.
Түрік дипломатиясының басшысы Әзербайжанды 44 күнге созылған соғыстағы жеңісімен тағы да құттықтап, Бакудің ұйымға төрағалық ету нәтижелеріне қанағаттанатынын білдірді.
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммиті Ыстанбұл қаласының оңтүстік-шығысында Мәрмәр теңізінде орналасқан Демократия және бостандық аралында өтті.