23 қарашада Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Nur Otan партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 23 қарашада Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды», деп жазды Бауыржан Байбек Twitter-парақшасында.