Алматы әуежайында авиациялық жанармай жетіспей жатыр. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Авиациялық отынмен қамтамасыз етудегі үзілістерге байланысты Алматы халықаралық әуежайы жолаушылар рейсін және коммерциялық жүктері бар рейстерді жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мақсатында техникалық жағдайда қонған рейстерге жанармай құюды тоқтату мүмкіндігін қарастыруда. Әуежай қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр», делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматы халықаралық әуежайы үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жолаушылар рейсіне жанармай құю көлемін шектеу және бірреттік чартерлік рейстерге жанармай құюды тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын.