• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Елорда 19 Қараша, 2021

Елордадағы Нұр-Астана мешітінің атауы өзгерді

4187 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласындағы қалалық Нұр-Астана мешіті ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Ulysmedia.kz сайты жазады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы 15 жылдық тарихы бар «Нұр Астана» мешітінің атауын өзгерту туралы ұсынысты Ғұламалар кеңесі берген болатын. Бұл ұсыныс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс төралқа мәжілісінде талқыланып, ҚМДБ бөлім басшылары, облыс имамдары мен Орталық аппарат қызметкерлері мешіт атауының өзгеруін қолдап, дауыс берді.

Нәтижесінде мешіт ендігі таңда ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталады. 2005 жылдың 2 наурызында ашылған мешіт астанадағы Есіл ауданында орналасқан.

Мешіт Катар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бин Халифа әл-Сәнидың қайтарымсыз сый ретінде бөлген қаржысына тұрғызылған болатын. Орталықтың ашылуына сол тұстағы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, Қағба мен Құран бейнеленген, сүрелер түсірілген жапқышты сыйға тартты.