• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Қараша, 2021

Канадада COVID-19-ға қарсы вакцинаны 5 жастан бастап салуға рұқсат берілді

316 рет
көрсетілді

Канада 5-11 жастағы балаларға коронавирусқа қарсы Pfizer-Biotech вакцинасын салуға рұқсат берді. Бұл туралы Канаданың Денсаулық сақтау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомство 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға Pfizer-Biotech шығарған COVID-19-ға қарсы Comirnaty вакцинасын қолдануға рұқсат берді. Компания өкілдері департаментке өтінімін 18 қазанда жібергенін айта кеткен жөн.

«Қолда бар дәлелдерге бүге-шүгесіне дейін тәуелсіз ғылыми талдау жүргізілгеннен кейін департамент бұл вакцинаның 5-11 жастағы балаларға пайдасы қауіптен асып түседі деген қорытындыға келді», делінген хабарламада.

Бұл ретте, балалар дозасы ересектерден үш есе аз болады (30 орнына 10 микрограмм). Педиатриялық вакцинаны екі рет егу керек. Бұған дейін Канадада вакцина 12 жастан асқан балаларға ғана қолданылып келді.   «Клиникалық зерттеулер 5-11 жастағы балалардағы иммундық реакция 16-25 жастағылардың иммундық реакциясымен бірдей екенін көрсетті. Вакцина 5-11 жастағы балаларға 90,7 пайыз тиімді және оның ешқандай ауыр жанама әсері жоқ», деді ведомство өкілдері.  

Айта кетейік, қазіргі уақытта 12 жастан асқан канадалықтардың 85 пайыздан көбі COVID-19-ға қарсы вакцинаның екі дозасын алған. Соңғы апталарда инфекцияның жаңа жағдайлары көбіне екпе алмаған 12 жасқа дейінгі балаларда тіркеліп жатқаны хабарланды.