• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Коронавирус 21 Қараша, 2021

Қазақстанда қанша адам вакцина алды

353 рет
көрсетілді

Қазақстанда коронавирус вакцинасының I компонентін салдырғандар саны 8 631 201-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«21 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 8 631 201 адам, II компонентін 7 939 634 адам салдырды», делінген хабарламада.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Түркістан облысы алдыңғы орында, өңірде 1 019 478 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 954 572 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында - Алматы қаласы. Қалада 1 016 740 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 969 721 адам 2-компонентін егілген. Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 904 079 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 861 421 адам екінші бөлігін қабылдаған.