• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Коронавирус 22 Қараша, 2021

27 554 қазақстандық Pfizer вакцинасын салдырды

273 рет
көрсетілді

Қазақстанда вакцина алған жасөспірімдер саны 20 381-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, Қазақстанда 20 381 жасөспірім, 2 499 жүкі әйел және 4 674 бала емізетін ана Pfizer вакцинасын салдырған.

22 қарашадығы мәлім бойынша, бүгінде барлығы 27 544 адам Pfizer вакцинасын салдырған.  Бұған дейін COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 21 қарашадағы эпидемиологиялық жағдайды баяндаған болатын. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 921 адам тіркеліп, елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 964 749-ға жеткен.