• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 23 Қараша, 2021

Министр Pfіzer вакцинасының бағасына қатысты пікір білдірді

231 рет
көрсетілді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfіzer вакцинасының бағасы туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Баға тек Pfіzer вакцинасына қатысты, ал қалған вакциналарды азаматтар тегін ала алады. Аталған екпені коммерциялық компания сатып алып, ішкі нарықта ұсынады. Әдетте шара осылай жүзеге асады. Мысалы, тұмауға қарсы екпені мемлекеттік медициналық ұйымдардан да, жеке медициналық ұйымнан да алуға болады. Бұл да сол секілді. Жалпы вакцинаны жеткізу мен оны сақтау үлкен жауапкершілікті талап етеді және оңай шаруа емес. Жіті бақылау қажет. Pfіzer вакцинасының бағасына келсек, басқа елдермен салыстырғанда жоғары болмайды, қолжетімді баға болады», деді Алексей Цой Үкімет үйінде.