Вакцинаны қайта егу ең алдымен мұғалімдерге, дәрігерлерге, құқық қорғау органдары мен әлеуметтік мекемелердің қызметкерлеріне жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышановтың мәліметінше, ревакцинация 60 жастан асқан адамдарға да жүргізіледі.
«Вакцина салғаннан кейін ағзада шамамен үш апта өткенде коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болады. Антидене вирусты анықтап, онымен күресу қабілетіне ие болады. Алайда, уақыт өткен сайын ағзадағы антидененің мөлшері азайып, вирусқа қарсы қорғаныс нашарлайды. Мұның алдын алу үшін тағы екпе алу керек.
Вакцина алу - ауру ағымының жеңіл өтуіне ықпал етіп, өлім санын азайтуға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ревакцинацияны кем дегенде жарты жылдан соң салдыру керектігін мәлімдеді», деді Нұрбек Садықбекұлы.
Қазіргі таңда облыста вакцина қабылдауға жататын азаматтардың 97 пайызы алғашқы компонентін, 92 пайызы екінші компонентін қабылдаған. Ақпан айынан бастап жалпы 1 031 870 доза вакцина жеткізілген. Оның 46 800-і «Pfizer» екпесі. Қазіргі таңда, 9 886 тұрғын осы екпені қабылдаған.