Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошановтың қатысумен өткен Алматы облысының әкімдігіндегі облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында облыстық мәслихаттың депутаттары Амандық Баталовты қызметінен босату жөніндегі шешімге дауыс берді.
Нәтижесінде Амандық Баталов Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды.