• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Қараша, 2021

Павлодарда вакцинация паспортын сатқан медбике ұсталды

205 рет
көрсетілді

Полиция қызметкерлері қала емханаларының бірінің медбикесі коронавирус инфекциясына қарсы жалған вакцинация паспортын жасағанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, медбике сол үшін бірнеше рет азаматтардан жалпы сомасы 160 мың теңге ақшалай сыйақы алған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 24 –бабы (Заңсыз сыйақы алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұлтартпау шарасы - келу міндеттемесі таңдалды», деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың шілде айында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Павлодар облысының құқық қорғау органдары төлқұжаттарды қолдан жасады деген күдікпен Павлодар қаласының емханаларының бірінің медицина қызметкерлерін анықтап, ұстады.