Бүгін «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Нұр-Сұлтан қаласында Ресейдің «Витязь» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Екі команда арасындағы cегіз кездесудің барлығында қазақстандық клуб жеңіске жетті. Оған қоса «Барыс» соңғы үш кездесуінде қарсыластарынан басым түсті.
Десе де, бұл кездесуді қазақстандық команда сәтсіз бастады. Ойынның 5-ші минутында ресейлік клубтан Нико Оямяки есепті ашса, 27-ші минутта Иван Володин есепті үстемелей түсті. Ал 30-шы минутта елордалық клубтан Томаш Юрчо мергендік танытты. Ойынның 57-минутында ресейлік Фёдор Малыхин қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Барыс» қарсыласынан 1:3 есебімен ұтылды.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын елордалық команда ресейлік «Торпедодан» басым түсті.
Енді «Барыс» 2 желтоқсанда мәскеулік «Динамо» командасын өз алаңда қабылдайды.