ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Рефлекс» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі сақтады деген күдікпен Өскемен қаласының 42 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Күдіктінің пәтерін тінту барысында жасыл, қызғылт және ақ түсті ұнтақ пен түйіршіктер түріндегі заты бар 55 полимерлі пакет пен түйіншек, буып-түюге және өлшеуге арналған электрондық таразы құрылғылар тәркіленді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, алынған заттың жалпы салмағы 119,9395 г «α-пирролидиналерофенон» психотроптық зат болып табылады», деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, баптың санкциясымен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.