Алматыда екі көлік жол апатына ұшырап, салдарынан төрт адам, оның ішінде 3 жасар бала зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Гагарин және Құрманғазы көшелерінің қиылысында екі автокөлік соқтығысқан. Hyundai Elantra Гагарин бойымен оңтүстікке қарай, ал Mercedes GL Құрманғазы бойымен батысқа қарай жүріп келген.
Куәгерлердің айтуынша, Mercedes жүргізушісі «жол бер» белгісін елемей, қиылысқа кеткен. Нәтижесінде Hyundai үлкен жылдамдықпен Mercedes көлігіне соғылған.
Соғысу күшінің әсерінен Mercedes жолдың қиылысында тұрған Toyota Avensis-ке барып соққан.