• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Желтоқсан, 2021

Көкшетауда құрылысшы 5-қабаттан құлап кетті

319 рет
көрсетілді

Ақмола облысында еңбекті қорғау ережелерін бұзу оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Басқарманың мәліметінше, 30 қарашада Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны облыстық ауруханаға жеткізілгені туралы хабар түседі. 

«Ер адам «жабық ми жарақаты, сол жақтағы 6-шы қабырғаның сынуы» диагнозымен ауруханаға түсті. Жедел-тергеу тобы оның 30 қараша күні жаңадан салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатынан құлағанын анықтады. Осы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 156-шы бабының 1-ші бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тексеру жүргізіледі» деді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар