• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 09 Желтоқсан, 2021

«Канело» Флойд Мейвезерге жауап берді

168 рет
көрсетілді

Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес бұған дейін өзін бірнеше мәрте сынаған төрт салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы, америкалық Флойд Мейвезерге жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Флойд Мейзвезер өткен аптаның аяғында 2013 жылы Альваресті қалай жеңгенін жанкүйерлердің есіне салып, «мен рингте жеңіл-желпі серуендеп жүріп, оған бокстан сабақ бергенмін» деген сыңайда үн қатып, мексикалық боксшының табысты мансабын рұқсат етілмеген дәрі-дәрмек қолдануымен де байланыстырған болатын. Бұл сөз «Канелоның» ашуын келтірсе керек.

«Флойдтың «Канелоға» тіл тигізуінің себебі түсінікті. 31 жастағы «Канело» қазірдің өзінде оның бүкіл кәсіби мансабында қол жеткізген табысынан асып түсті. «Канело» кәсіби мансабын аяқтаған кезде одан қаншалықты алда тұратынын Флойд сезеді», делінген Сауль Альварестің хабарламасында.