• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Желтоқсан, 2021

Жас ғалымдар – жаһандық трендтер жаршысы

824 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты танымдық мақа­ласының жарық көруі мемлекетіміздің дамуы мен егемен­дікке қол жеткізудегі ерлік пен еңбекті арқау еткен қазақ даласындағы жарқын оқиғаларды айшықтай түседі.

XXI ғасыр – білім мен ғылымның, ақыл-ойдың дамуы, инновация, цифрландыру мен креативті бастамалар кезеңі. Осы отыз жылда елімізде жастардың білім алуына, ғылыммен айналысуына жағдай жасалып, бүгінде қазақстандық түлектер еліміз ғана емес, көптеген шетелдің же­тек­ші оқу орындарында білім алуда. Бұл білім жастардың сапа­лы білім алуына жағдай жа­сай оты­рып, әлемнің озық елдері­­нің қа­тарына қосылуды мұрат ет­­кен, ин­­дустриялық-инновация­лық даму жолына түскен қуатты эко­но­микалық бағдар ұстанған мем­лекеттің адам капиталына басты назар аударуының бір дәлеліндей. Өзгермелі әлемде бәсекеге қабілетті маман даярлау, оларға жағдай жасау уақыттың басты талабы. Еліміздің білім және ғылымды дамытудағы саясаты бүгінде жастардың терең білім алып, қоғамның қай саласында болсын табысты еңбек етуіне мүмкіндік беруде.

«Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр» демей ме Әл-Фараби бабамыз. Қазақ ғылымының өнертапқыштық тарихы тереңге кетеді. Бүгінде археологиялық қазбалар барысында табылып жатқан құнды жәдігерлер соның дәлелі. Еліміздің өңірлерінен ашып алынған ортағасырлық қалалардағы архитектуралық қаз­ба­лар, сәулет өнерінің озық үлгі­лері, зергерлік өнердің жа­құт­тары осы киелі қазақ жерін­де білім мен ғылымның көне ғасыр­лардағы жетістігінің дәлеліндей.

Кез келген елдің бәсекеге қабілеттілігі білімі мен ғылым дең­гейімен өлшенеді дейтін болсақ, заманауи қоғамдағы сапалы қызмет, технологиялық үде­ріс­тер ғылыми жаңалық­тар­дың нә­тижесінде жүзеге асуда. Бү­гінде қазақстандық жас ғалым­дар еліміздегі әрі әлемнің жетекші уни­верситеттерінде білім алып қана қоймай, жаһандық трендтерді мең­гере отырып, инновациялық кеңістікте жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуде. Халықаралық олимпиадаларда, жобаларда жетіс­тікке жетіп, олар ашқан тың жаңалықтар әлемдік рейтинг­те көш бастап тұр. Бұл мем­лекет­тің жастар саясатын, білім мен ғылымды дамытуға деген қам­қорлығының нәтижесі.

Қазіргі кезде білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Атал­ған бағдарламаға сәйкес 2025 жылға қарай ғылымды қаржы­лан­дыру көлемі ІЖӨ-нің 1 пайы­зын құрайтын болады. Осы орайда ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайтуға мемлекет тара­пы­нан кө­ңіл бөлініп, жас ғалым­дарды қол­дау мақсатында гранттар таға­йын­­дау, PhD мен тағы­лым­дама­ла­рға арналған грант­т­ар са­нын көбей­ту, жас ғалым­дардың жо­ба­ларын іске асы­руға шетелдік ға­лым­дарды тарту болашақ ғы­лым­­ның нәти­желі болуына бағыт­талған ілкімді қадамдар екені айқын. 

Бүгінде ғылымды цифрлан­дыру мәселесі өте өзекті. Қазақ­стан ғылымының бірыңғай ақпа­раттық жүйесінің құрылуы сала­да жаңа мүмкіндіктердің ашы­луына, жас ғалымдардың дер­бес бейіндерін құруға, зерттеу­лерге қатысуына мүмкіндік береді. Білім беру мен ғылымды дамы­тудың жаңа деңгейге көтерілуі, қазақ ғылымындағы жетістіктер мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың нәтижесі.

Бүгінде еліміздегі ғылыми кадр­лардың құрамы 35 жасқа дейінгі жас ғалымдардан тұра­ды. Олар тәуелсіз елдің тарихынан, мәдениеті мен өнерінен рухтан­ған жарқын болашақтың өкілдері. Әлемнің озық елдерінің қатарына қадам басқан киелі қазақ топырағынан нәр алған өскелең ұрпақ бәсекеге қабілетті елдің келешегі жолында еңбек ете беретін болады. Егемен Мәңгілік еліміздің аспаны ашық, жұлдызы жарық, тұғыры биік болғай!

 

Тимур ӘПЕНДИЕВ,

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Тарихи демография және Қазақстан халқы Ассамблеясы бөлімінің меңгерушісі, PhD