• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 14 Желтоқсан, 2021

Ревакцинация үшін QazVac-тан басқа екпе жоқ. Цой жағдайды түсіндірді

4851 рет
көрсетілді

Қазақстанда ревакцинация жасау үшін тек QazVac (QazCovid-in) екпесі ғана қолжетімді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Цойдың айтуынша, «Спутник V» екпесі ревакцинацияға жарамайды.

«Спутник V» екпесін салу мүмкін емес, себебі ол екі түрлі құрамдас бөліктен тұрады. Ал ревакцинация кезінде құрамы бірдей екпе ғана салынуы керек. «Спутник V» екпесінің бірінші және екінші компоненттері әртүрлі», деп түсіндірді Цой үкімет отырысынан кейін журналистердің қойған сұрақтарына.

Министр жақында келетін «Спутник Лайт» екпесі ревакцинация үшін қолайлы екенін айтты.

«Жақында «Лайт» келеді. Ол келгеннен кейін ол ревакцинация үшін де қолжетімді болады. Қазір біз жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жақын арада не өзімізде шығарамыз (Қарағандыдағы фармацевтикалық зауыт), немесе Ресейден әкелеміз», деп түсіндірді министр.