• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Желтоқсан, 2021

Мектеп оқулықтарының салмағына қатысты талаптар бекітілді

500 рет
көрсетілді

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы бұйрығы бойынша оқу басылымдарына қойылатын гигиеналық нормативтер бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатта оқушы арқалайтын бір оқулықтың салмағына қатысты нақты норма көрсетілген.

Ол бойынша: 1-4 сынып оқулықтары 300 грамнан;

5-6 сыныптар үшін 400 грамнан;

7-9 сыныптар үшін 500 грамнан;

10-11(12) сыныптар үшін 600 грамнан аспауы керек.

Бұйрықта оқулық салмағын аталған нормадан 10% арттыруға ғана жол берілетіні айтылған.

Оқулық салмағынан бөлек кітап басылатын қағазға, баспа сапасына, пайдаланылатын қаріптерге  қойылатын талаптар анықталған.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден көруге болады.

Бұйрық 2021 жылдың 24 желтоқсанынан бастап қолданысқа енеді.