Шымкент қаласындағы Еңбекші АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған, деп жазады Egemen.kz.
Ол өз арызында бейтаныс әйел арнайы мемлекеттік бағдарлама бойынша қайтарымсыз қаржы алып беремін деп 2,1 млн теңгесін иемденіп кеткенін көрсеткен. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) тіркеді.
Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.
Тергеу амалдары барысында азаматшаның басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды.
Қазіргі кезде аталған әйелге қатысты міндеттеме түріндегі бұлтарпау шарасы қолданылған.