Қытай ауруларды бақылау және алдын алу орталығының хабарлауынша, балаларда байқалған жанама әсерлердің жиілігі ересектерге қарағанда төмен. Кәмелетке толмағандар вакцинация туралы толық хабардар болған және иммундаудан өтуді қалаған және келіскен жағдайда ғана екпе салдыра алады.АҚШ-та 12 мыңнан астам әскери адамдары діни себептерге байланысты вакцинациядан босатуды сұрады. Military Times мәліметтері бойынша әзірге сұраулардың ешқайсысы қанағаттандырылған жоқ. Әуе күштері әскери қызметшілерінің көпшілігі, яғни 4 700-ден астам әскери вакцинацияға қарсы шықты, газетте жарияланғандай, бұл әскер қолбасшылығы үшін күтпеген жағдай болды.