• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Желтоқсан, 2021

Үйлену тойы адам өлімімен аяқталды

493 рет
көрсетілді

Алматы облысы Ұйғыр ауданына қарасты Шарын ауылында болған үйлену тойының соңы қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 12 желтоқсан күні түнде болған. Тойға келген қонақтар арасында ерегіс болып, алкогольдік ішімдік ішкен біреуі екіншісінің жүрек тұсына пышақ сұғып алған. Алған жарақаты салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

«26 жастағы азамат тойда болған ерегісті көріп, ол дереу қалтасындағы пышақты шығарып, ұрысып жатқандардың арасына түскен. Жәбірленуші оны тоқтатпақ болғанда жігіт оның кеудесіне пышақ сұғып алған. Қазір күдікті ұсталып, жасаған іс-әрекетін толық мойындады», делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, күдікті пышақты үнемі өзімен бірге алып жүрген екен. Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.