• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Желтоқсан, 2021

Полиция департаменті 555 миллион теңгеге көлік алуды көздеп отыр

295 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының полиция департаменті жеңіл автокөліктерді бір жылға жалға алу үшін мемлекеттік сатып алу сайтына екі лоттан тұратын жалпы сомасы 555 161 067 теңгеге байқау жариялаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтық БАҚ қызметкерлері бірінші лотта жалға алынатын көлікке берілетін сома 325 714 285 теңге деп көрсетілгенін анықтаған. Екінші лотта 229 446 782 теңге көлікті жүргізушімен бірге жалға алынатын қызмет құны ретінде көрсетілген.

Ал облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, мемлекеттік сатып алу рәсіміне сәйкес, департамент қажеттілігі үшін автокөлікті жалға алуға бөлінген соманы бекітер алдында мамандар талдау жүргізген. 

– Есептеулермен жалдамалы автокөлікті пайдалану оны сатып алуға және ұстауға қарағанда әлдеқайда үнемді және тиімдірек екені рас. Өйткені автокөлікті жалға алу құнына көлік құралын сақтандыру, техникалық тексеру, автомобиль дәрі қобдишасының, өрт сөндіргіштің, ЖЖМ болуы, күнделікті және күрделі жөндеуге қызмет көрсету, оның ішінде ТҚ-1, ТҚ-2, шиналарды және АКБ (аккумулятор) ауыстыру кіреді, осы шығындардың барлығын мердігер ұйым өз мойнына алады. Мәселен, 30.11.2021 жылы Маңғыстау облысының полиция департаменті (№ 6493747-2 –) Департаменттің қажеттіліктері үшін 2022 жылға жеңіл автомобильдерді жалға беру бойынша хабарландыру берді. Жүргізушімен автокөлік құралының 47 бірлігін жалға алу – 229 млн 446 мың теңге және жүргізушісіз автокөлік құралының 80 бірлігін жалға алу – тиісінше 325 млн 714 мың теңге. Конкурстың жалпы сомасының ұлғаюы мәлімделген жалға берілетін автокөлік құралдары санының ұлғаюымен байланысты. Бұл ретте, автокөлік құралының 1 бірлігі үшін сома 2021 жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ, – деді ведомоство өкілдері.