WBO тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, америкалық кәсіпқой боксшы Деметриус Андраденің міндетті қарсыласы атанған Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын оңай жеңетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Менің Деметриус Андрадені терең нокаутқа түсіретінімді бәрі біледі. Бұл менің кәсіби мансабымдағы ең жеңіл жекпе-жек болады», деп жазды Жәнібек твиттерде.
Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 2021 жылы әлемнің бұрынғы чемпиондары Роб Брант пен Хассан Ндам Нжикамды техникалық нокаутпен жеңген болатын. Жәнібек Нжикамнан айласын асырғаннан кейін бүкіләлемдік бокс ұйымы оны Деметриус Андрадеге міндетті қарсылас ретінде белгіледі.