• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Желтоқсан, 2021

Көктайғақ салдарынан 50-ге жуық көлік соқтығысты

193 рет
көрсетілді

Германияның Амберг қаласында көктайғақ салдарынан 50-ге жуық көлік бір-біріне соғылды, деп хабарлайды Egemen.kz BILD басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметтеріне сәйкес, ірі жол апатынан бірнеше адам түрлі дене жарақаттарын алған.

Оқиға алтыншы автобанда орын алды. Қазір бұл жол екі бағытта да толығымен жабылды. Апаттың себебі - қалада жауған мұзды жаңбыр.

«Жоғарғы Франконияда мұзды аралас жаңбыр жауды. Апат орнына аттанған біздің әріптестеріміз де біраз қиындықтарға тап болды», дейді тәртіп сақшылары.