• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Желтоқсан, 2021

Австрияда ревакцинацияның төртінші дозасын салу жоспарлануда

269 рет
көрсетілді

Автсрияның Ұлттық вакцинация кеңесі медицина және басқа да негізгі қызметкерлерге ревакцинация енгізуді қарастыруда. Бұл төртінші доза болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, ревакцинацияны енгізу туралы әңгіме коронавирустың «омикрон» нұсқасын жұқтырудың өршуі аясында жүріп жатыр.

Алайда, төртінші вакцинацияны кеңінен қолдануды ұсыну үшін ғылыми дәлелдер жеткіліксіз.

«Омикронның» жақындап келе жатқан толқынына байланысты төртінші вакцинация қаупі жоғары адамдарға, мысалы, медицина қызметкерлеріне ұсынылуы мүмкін», дейді Австрияның Ұлттық вакцинация кеңесі. 

27 желтоқсаннан бастап елде жаңа штамның таралуын бәсеңдету үшін карантин қайтадан күшейтіледі. Қараша айында үкімет барлық тұрғындар үшін міндетті вакцинация жариялады.