Мемлекет басшысы келесі жылы қаңтар айында қайта вакциналаудан өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 індетіне қарсы вакцинаны қайта салдыруына қатысты маған көптеген сұрақ келіп жатыр.
Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес Мемлекет басшысы келесі жылы қаңтар айында қайта вакциналаудан өтеді. Президент халыққа қолжетімді екпелердің бірін салдыратын болады», делінген хабарламада.