• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Желтоқсан, 2021

Индустрия министрлігі құрылыс құнының ауытқуларына қатысты түсінік берді

195 рет
көрсетілді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баға белгілеу жүйесін жетілдіру және құрылыстағы бақылауды күшейту процесі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың инвестицияларының қатысуымен бір ғана объектілердің құнын көтеруді болдырмау үшін epsd.kz мемлекеттік сараптама порталында онлайн-калькулятор енгізе отырып, құрылысқа жұмсалатын шығындардың шекті лимиттері белгіленді», деді Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бірыңғай сметалық бағалар, сметалық бағалар анықтамалары (прайс-парақтардың орнына) әзірленуде.

«Бұл өңірлер бойынша сол бір объектілерді салу құнының ауытқуын, сондай-ақ жобалау және жобалау - сметалық құжаттаманы сараптау кезеңдерінде жобалардың сметалық құнының жоғарылауын болдырмайды», деп түйіндеді ИИДМ басшысы.