• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Коронавирус 29 Желтоқсан, 2021

Спрей түріндегі вакцина шығады

7460 рет
көрсетілді

«Спутник» вакцинасының мұрынға арналған спрей түріндегі препараты келесі жылдың басында нарыққа шығады, деп хабарлайды Egemen.kz,

Бұл туралы компания Twitter парақшасында жариялады.

Ресейдің тікелей инвестициялар қорының мәліметінше, «Спутник» вакцинасының дәл осы форматы омикрон штаммына қарсы тиімді болады.

Коронавирусқа қарсы назальды вакцинаның клиникалық зерттеулері өткен айдың соңында Гамалей атындағы орталықта басталған еді. Орталық басшысы Александр Гинцбургтің айтуынша, назальды вакцинаны қабылдаған адам COVID-19 таратушысы болуды тоқтатады.

Оның айтуынша, вакцина әдеттегі егу қажеттілігін алмастыра алмайды, бірақ оған тиімді қосымша болады.