Алматы халықаралық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Халықаралық әуежай баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Барлық шығындар есептеледі.
«Әуежай уақытша жұмыс істемейді. Қосымша ақпарат пайда болғаннан кейін біз бірден хабарлаймыз», деп түсіндірді ведомствода.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда терроризмге қарсы арнайы операция барысында Алматы әуежайы өз жұмысын уақытша тоқтатты.