• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Хоккей 11 Қаңтар, 2022

ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында «Торпедомен» кездеседі

249 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті турында «Барыс» Нижний Новгородта жергілікті «Торпедо» командасымен күш сынасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордалық клуб 47 ойыннан кейін Шығыс конференциясында 48 ұпай жинап, сегізінші орында келеді. «Торпедо» соншама матчтан соң 49 ұпаймен Батыс конференциясында тоғызыншы сатыда тұр.

Қос команда да плей-офқа шығуға мүмкіндік беретін үздік сегіздікке ілігуді мақсат еткендіктен, бүгінгі кездесудің маңызы зор. Өткен турда Юрий Михайлистің шәкірттері Магнитогорскіде овертаймда «Металлургті» жеңсе (4:3), «Торпедо» Санкт-Петербургте СКА-дан ұтылып қалған болатын (0:3). «Торпедо» хоккей клубы өз сайтында алты адамның коронавирус жұқтырғанын мәлім етті.

Команданың медицина қызметкерлері індеттің одан әрі жайылмауы үшін алдын алу іс-шараларын жүргізуде.

«Торпедо» — «Барыс» матчы елорда уақытымен сағат 22.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.